МКҚК «Ақ ниет» бөбекжайында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мереке барысында тәрбиеленушілер түрлі ойындарға қатысып, ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қызықты бағдарламаның белсенді қатысушылары болды. Іс-шараның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту.
Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында өткізілді. Бағдарлама құндылықтарына сәйкес тәрбиеленушілердің бойында мейірімділік, өзара сыйластық, қамқорлық, достық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі мерекенің басты нәтижесіне айналды.





