МКҚК «Ақ ниет» бөбекжайында мектепалды сыныпқа жолдама алған тәрбиеленушілерге арналған «Балабақшамен қоштасу» мерекесі өтті.
Балабақшамен қоштасу – әр бүлдіршіннің өміріндегі ерекше әрі әсерлі сәт. Бұл күн – балалық шақтың жарқын кезеңімен қоштасып, білім жолындағы жаңа белеске қадам басатын маңызды мереке.
Мерекелік іс-шара барысында тәрбиеленушілер ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқып, балабақшада алған білімдері мен өнерлерін паш етті.
Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, балалардың бойында достық, сыйластық, жауапкершілік, алғыс айту, үлкенді құрметтеу және кішіге қамқор болу сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.
Бөбекжай ұжымы түлектерге мектепалды сыныпта сәттілік, жаңа жетістіктер, білімге деген қызығушылық пен жарқын болашақ тілейді. Балабақшада алған тәлім-тәрбиелері алдағы білім жолында берік негіз болып, армандарының орындалуына жол ашсын!





